Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Әлеуметтік желіде Алматыда болған жер сілкінісі салдарынан ҚазҰУ ғимараты құлады деген жалған ақпарат тараған еді.Бүгінгі Үкімет отырысында Саясат Нұрбек тек ресми ақпаратқа сену керегін алға тартты.
«Желіде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың №6 және №8 жатақханасында қаза болғандар мен қирандылар бар деген жалған ақпарат тарады. Бұл шындыққа жанаспайды. Министрлік қызметкерлерін тексеруге жібердік, көзіміз жеткен соң хабарлама бердік. [Қабырғалар] кішкене ғана жарылған. Жөндеу жүргізіп, сейсмикалық жағынан күшейтеміз», - деді Қазақстанның ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.