Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматы полициясы наурыз айында “Меркур Тауэрс” тұрғын үй кешенінің күзетшісін бірнеше рет көлікпен басып кеткен бұрынғы депутаттың ұлына қатысты іс туралы айтып берді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Редакцияның сұрауына жауап ретінде Алматы қалалық полиция департаменті кісі өлтіру фактісі бойынша тергеу басқармасы алдын ала тергеу жүргізіп жатқанын мәлімдеді.
- Күдікті бірден қамауға алынды. Бұған дейін сот-психиатриялық сараптама жүргізілуіне байланысты алдын ала тергеу мерзімдері тоқтатылған болатын. Қазіргі уақытта іс қайта жанданып, тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу аяқталғаннан кейін қылмыстық іс материалдары сотқа жіберіледі, – деп хабарлады полиция.
Бұған дейін Алматы прокуратурасы күдіктінің уақытша психикалық бұзылысы немесе басқа да ауыр ауруына байланысты алдын ала тергеу мерзімдерін тоқтату туралы шешім қабылданғанын хабарлаған еді.