Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Алматыға “Қайрат” – “Реал Мадрид” матчын көруге 5 мыңнан астам шетелдік турист келді
Жаңалықтар

Алматыға “Қайрат” – “Реал Мадрид” матчын көруге 5 мыңнан астам шетелдік турист келді

30.09.2025
1 мин
0
115
Сурет: ашық дереккөз

Алматыда өтетін Лига чемпиондары матчы жергілікті ғана емес, шетелдік жанкүйерлердің де қызығушылығын арттырды. Қаланың туризм басқармасының мәліметінше, 26-29 қыркүйек аралығында 5 мыңнан астам шетелдік қонақ келген. Бұл дерек "e-Qonaq" ақпараттық жүйесінде тіркелген, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Негізгі жанкүйерлер легі Қытай, Үндістан, Ресей мемлекеттерінен, сондай-ақ Жапония, Ұлыбритания, Испания, Чехия, ТМД және басқа да Еуропа елдерінен келген. Қазақстанның өзге өңірлерінен ағылған жанкүйерлерді қосқанда, Алматыға келген қонақтар саны ондаған мыңға жетті.

Мамандардың есебінше матчтың экономикалық әсері айтарлықтай. Mastercard компаниясының дерегінше, Алматыға келген бір шетелдік турист орта есеппен 1 500 АҚШ долларын (шамамен 548 мың теңге) жұмсайды. Бұл шығындар қонақүй, тамақтану, көлік, ойын-сауық және сауда салаларына бағытталып, шағын және орта бизнестің дамуына серпін береді.

Айта кетейік, "Қайрат" – "Реал Мадрид" матчы 30 қыркүйек күні сағат 21:45-те Алматының Орталық стадионында өтеді. Бұдан бөлек, алматылық команда "Брюгге" (Бельгия), "Олимпиакос" (Грекия) және "Пафос" (Кипр) клубтарына қарсы тағы үш үй кездесуін өткізеді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл