Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Алматының үздік жастары зияткерлік додада бақ сынады
Жаңалықтар

Алматының үздік жастары зияткерлік додада бақ сынады

27.05.2025
мин
0
193

23 мамыр күні Алматы Менеджмент университетінің базасында Алматы қаласының жастарына арналған көктемнің ең жарқын әрі мазмұнды шараларының бірі – «IQ-Ala jastary» қалалық зияткерлік ойыны аясында жастар лигасы өтті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Іс-шараны Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен "Жаухар" ұлттық салт-дәстүрді қолдау қоры ұйымдастырды. Жобаның мақсаты – жастардың зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамыту, білімге деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ ұлттық құндылықтар мен патриоттық рухты дәріптеу.

Ойын 4 түрлі лига бойынша ұйымдастырылды:

• Студенттік лига

• Белсенді жастар лигасы

• Жұмысшы жастар лигасы

• Әртүрлі санаттағы жастар лигасы

Жастар лигасында 20 команда қатысып, өзара мықтыны анықтады. Ойын қызықты әрі тартысты өтті. Қатысушылар логикалық ойлау қабілетін, жан-жақты білім деңгейін және командалық үйлесімділікті жоғары дәрежеде көрсетті.

Нәтижесінде 5 үздік топ жеңімпаз атанып, финалдық кезеңге жолдама алды. Команда мүшелерінің бірлігі мен білім деңгейі көрермендер мен сарапшылар тарапынан жоғары бағаланды.

Шараға қаламыздың жоғары оқу орындары мен колледж студенттері, жұмысшы және белсенді жастар, сонымен қатар түрлі сала өкілдері мен құрметті қонақтар қатысты. Жоба Алматы Менеджмент университетінің базасында ұйымдастырылып, қатысушыларға арналған тимбилдингтер мен семинар-тренингтер де ұйымдастырылды.

Бұл ойын – жастар үшін өзін танытуға, жаңа достар табуға, әрі заманауи форматтағы патриоттық тәрбие алуға берілген бірегей мүмкіндік болды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл