Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Мәжіліс отырысында «Amanat» партиясы мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мен мобильділігін арттыру мақсатында, ішкі рейстерге жеңілдіктер қарастыруды ұсынды, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бүгінгі күні мүгедектігі бар адамдардың мобильділігі авиатасымалдардың қолжетімсіздігімен шектелуде. Ұшаққа билет сатып алу мүмкін емес, жеңілдіктер және одан да бөлек тегін ұшу мүмкіндігі қарастырылмаған. Билет құны көбінесе бір айлық әлеуметтік төлемнен асып та кетіп жатады.
Қазіргі тарифтермен, тіпті жұмыс істейтін сау адамдар да билеттерді ала алмаған кезде не айтуға болады.
«1-ші және 2-ші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеңілдіктер немесе арнайы тариф билет құнының 50% мөлшерінде болсын; Осы санаттағы адамдарға жылына бір рет, бір бағытқа ұшып бару және ұшып қайту тегін әуе қатынасымен қамтамасыз етілсін; Мүгедектігі бар балаларға әрқашан тегін рейстер жасалсын; Ұшу барысында сүйемелдеуді қажет еткен жағдайда, сүйемелдеуші адамдар үшін жеңілдетілген тариф көзделсін», деді Е. Әбдиев.
фото: inva.kz