Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Көлік министрі үкімет үйіндегі брифингте Ақтау маңында апатқа ұшыраған AZAL ұшағына қатысты тергеудің алдын ала қорытындысы қашан шығатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Министр Марат Қарабаевтың айтуынша, тергеу тобы мұқият жұмыс жүргізуде.
- Бұған дейін Әзербайжан Республикасынан, Ресей Федерациясынан, Бразилиядан (өндіруші ел ретінде) және ИКАО-дан халықаралық мамандар тартылғанын айтқан едік. Қазіргі уақытта олар бірлесе жұмыс істеп, тергеу соңғы кезеңге жетті. Алдын ала есеп жақын күндері біздің сайтта ресми түрде жарияланады деп күтіп отырмыз, – деді ол.
Дегенмен министр нақты күнді атаған жоқ.
- Мамандарға жұмысты аяқтауға уақыт қажет, себебі бұл үлкен еңбекті талап ететін процесс. Қорытынды жарияланғанға дейін қосымша түсініктеме бере алмаймыз. Бірақ есеп таяу күндері жарияланады деп уәде беремін. Мен онымен таныстым, ал комиссия менің басшылығыммен жұмыс істеп жатыр, – деді Қарабаев.