Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ақтау дүкендерінде сәбіз қымбаттады. Көкөніс өнімнің сапасына байланысты келісі 535-850 теңгеден сатылып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ладаға сілтеме жасап.
“Kaz Fruit” компаниясындағы сәбіз бағасының тұрақсыздығы маусымаралық жаңа көкөністердің ауысумен байланысты.
"Ескі өнімдер бітеді, жаңасы басталады. Қазір біз маусымаралық ауыспалы кезеңді бастан кешірудеміз. Жыл сайын осындай кезеңде бағалардың өсуі байқалады. Сәбіз, картоп, қырыққабат пен пиязға қарағанда кеш жиналады. Әлі сәбіздер піскен жоқ. Сондықтан біз Атыраудан былтырғы сәбіздерді сатып алып, дүкендерімізде қайта сатып жатырмыз. Әзербайжанда сәбіз құны 400 теңге, Иранда – 380 теңге, оны барлық мемлекеттік баждармен бірге Ақтауға жеткізгенде сәбіз бірнеше есе қымбаттайды", – деді "Kaz Fruit" компаниясы.
Көтерме сауда жеткізушісі маусымаралық кезеңде көкөністерге бағаның өсуін болдырмау үшін көршілес елдердің шығындарын уақытша ұстап тұру тәжірибесін қабылдауды ұсынады – мораторий жариялап, барлық кедендік баждарды алып тастау керек деді ол.
"Егер ҚҚС алынып тасталса, онда біз сәбізді көп мөлшерде импорттай аламыз және оларды төмендетілген бағамен сата аламыз. Біз бұл жолды әкімдікке бірнеше рет ұсындық, бірақ, өкінішке қарай, Қазақстанда бұл тәжірибені қолданбайды", – деп хабарлады компания.
Бірақ картоптың бағасы түсіп кетті. “Kaz Fruit” компаниясы басшылығының айтуынша, енді көкөністі өзіндік бағамен сатып алуға болатындығына байланысты олар қала әкімдігімен клиенттерге жеткізілетін картоп санын шектеу туралы меморандумға қол қойды.
Енді қала тұрғындары дүкендерден күн сайын картопты тек бес келіден сатып ала алады. Әкімдіктегілер кәсіпкерлермен бағаны тұрақтандыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты.
"Маңғыстау облысында картоп пен сәбіз 100 пайыз басқа аймақтардан импортталады. Сондықтан бағалар бірінші кезекте жеткізушілерге тәуелді. Кәсіпкерлермен келісім бойынша біз олардан уақытша, ең болмағанда 2-3 апта өсім құнын қоспай сатуды өтіндік. Сондықтан біз осы мерзімде жағдай тұрақталып, сәбіз бен картоп бағасы тұрақты болады деп ойлаймыз", – деді Ақтау қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Тілеген Едігеев.
Еске салсақ, осыған дейін Қазақстанның бірнеше өңірінде картоп бағасы килограммына 500 теңгеге қымбаттап кеткені туралы жазған болатынбыз. Бұған дейін Қызылордада Magnum супермаркетінде сәбіздің келісін 735 теңгеден сатылды. Қызылорданың басқа сауда нүктелеріндегі бағалар бұдан сәл ғана төмен болған.
Тағы көру