Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ақтөбеде 2-11 сынып оқушылары бөлім бойынша және тоқсандық жиынтық бағалаудан босатылды. Бұл туралы облыстық білім басқармасының бас маманы Дина Орынова мәлімдеді.
Тасқыннан зардап шеккен ақтөбелік оқушылар бөлім бойынша және тоқсандық жиынтық бағалаудан босатылды. Сондай-ақ, білім алушылардың білім жетістіктері мониторингі 15 сәуірден 22 сәуірге ауыстырылды.
Мониторингке 96 мектептің 86-сы қатысады. Қобда, Ойыл, Ырғыз аудандарының мектептері мониторингтен босатылды. Айта кетейік, 9 және 11 сыныптардың қорытынды емтихандарын және ҰБТ тапсырмау жөнінде шешім қабылданағн жоқ.