Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Әскери-патриоттық  бағыттағы жобаларға арналған шағын гранттар конкурсы басталды
Жаңалықтар

Әскери-патриоттық бағыттағы жобаларға арналған шағын гранттар конкурсы басталды

31.05.2022
1 мин
1
2055

"Алматы студенттер Альянсы" КҚ әскери-патриоттық  бағыттағы жобаларға арналған шағын гранттар конкурсын жариялайды.


Байқау аясында әскери-патриоттық клубтар мен үкіметтік емес ұйымдар өздерінің әскери-патриоттық тәрбиелеу бойынша шаралар бастамаларын жүзеге асыру үшін 400 000 (төрт жүз  мың) теңге көлемінде шағын грантқа ие болады. Конкурстық нәтиже бойынша жоғары ұпай жинаған 10 (он) әскери-патриоттық клуб немесе үкіметтік емес ұйым жеңімпаз ретінде анықталады.

БАЙҚАУДЫҢ ӨТКІЗІЛУ ТӘРТІБІ

1. Байқау келесі кезеңдерден тұрады:

2. Байқауды жариялау және байқауға өтінімдерді қабылдау (30.05.2022 ж. – 14.06.2022 ж. (қоса алғанда);

3. Қабылданған өтінімдерді талаптарға сәйкестігін тексеру (15.06.2022 ж. – 16.06.2022 ж.);

4. Арнайы жасақталған конкурстық комиссияның отырысы негізінде шағын грант иегерлерін анықтау (17.06.2022 ж. – 18.06.2022 ж.);

5. Шағын грант иегерлерімен келісімшарттар жасасу (20.06.2022 ж. – 27.06.2022 ж.);

6. Шағын грант иегерлерінің жобаларын жүзеге асыруы және грант беруші тарапынан мониторинг жүргізу (27.06.2022 ж. – 31.10.2022 ж.);

7. Шағын гранттардың жүзеге асырылуын қорытындылау (01.11.2022 ж. – 21.11.2022 ж.).

Байқауға келесі талаптарға сай келетін клубтар мен үкіметтік емес ұйымдар қатысушы бола алады. 

1. Шағын гранттар байқауына қатысуға Қазақстан Республикасында әрекет ететін әскери-патриоттық клубтар мен үкіметтік емес ұйымдарға рұқсат етіледі.

2. Әскери-патриоттық клуб атынан өтінім берген жағдайда, топ жетекшісінің жасы 18 жастан жоғары болуы тиіс. Топтың қалған мүшелерінің жасы 14 жастан жоғары болуы қажет. Байқауға қатысуға өтінімді тікелей топ жетекшісі топтың барлық мүшелерін көрсету арқылы тапсыруы тиіс.

3. Байқауға қатысатын үкіметтік емес ұйымдар келесі шарттарға сай болуы тиіс:

- салықтық және басқа қарыздардың жоқ болуы;

- банк есепшотының болуы;

- ұйым мемлекеттік сатып алулар сайтындағы жосықсыз қызмет көрсетушілер тізілімінде болмауы тиіс;

- ұйым ҮЕҰ деректер базасында тіркелген болуы тиіс.

4. Өтінімдерді қарастыру барысында әскери-патриоттық  саладағы жобаларды жүзеге асыруда тәжірбиесі бар өтінім берушілерге басымдық беріледі. Әскери-патриоттық тәжірбиені растайтын сертификаттар, алғыс хаттар, ұсыным хаттар, жарияланымдар қосымша артықшылық болып есептеледі.

Байқауға қатысу үшін өтінім беруші жобалық өтінімдерді  ұсынылған нысанға сай, pdf және word форматында 2022 жылғы 14маусымы күні Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша сағат 23:59 дейін shagyn_grant@mail.ru электронды почтасына жіберуі қажет.

Өтінім жіберу

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
С
Света 12.08.2022
Салеметсизбе менин улым шығармашылық бойынша спорт туризим уневерге грантка тапсырған бал жетпей калды ақылыға окытыуга жағдайым жок үлкен улымда сол Спорт туризм ге акылы еди жағдайым болмай отчеслене болып кетті сол ушын окыталмай жатырмын соған не истесек болады екен
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл