Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
2023 жылы әскери сала қызметшілерінің жалақысы өседі. Бұл туралы Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалетдинов мәлім етті, деп хабарлайды Dauletten.kz.
«Әуе күштері ұшқыштарының жалақысы көтерілді. Сонымен қатар, биыл әскери саладағы профессор-оқытушылар құрамының жалақысы азаматтық жоғары оқу орындарының деңгейіне дейін көтеріледі», - деді Сұлтан Қамалетдинов Сенатта тілшілердің сұрағына жауап бере отырып.
Қамалетдиновтың айтуынша, әскери дәрігерлердің де жалақысын көтеру қарастырылып, бұл бастамаға қолдау жасалған. Осыған байланысты қызметкерлердің айлық табасы 30 пайызға өскен.
Фото: qaragandyhabary.kz
Тағы көру