| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 | 
| Лайт | 0.00 | 0.00 | 
                                Елорда әкімі Жеңіс Қасымбектің мәлімдеуінше, жаңа жыл қарсаңында Астанада мерекелік салют болады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
- 31 желтоқсанда салют жоспарланған. Буквально екі күн бұрын біз қалада шыршаларды жақтық. Жаңа жылдық мерекелерге арналған 30-дан астам қоғамдық орындар дайындалды, балалар сырғанақтары мен мұз айдындары жасақталды. 15 жерде шыршалар орнатылды. Қала жаңа жылдық мерекелерге дайын. Салют болады, – деді Қасымбек ОКҚ брифингінде.
Дегенмен, ол отшашудың қандай қаражатқа ұйымдастырылатынын нақтыламады.
18 желтоқсанда Астанада 30-дан астам шыршаны жағу рәсімі өтті. Ең биік – 25 метрлік жаңа жылдық шыршалар “Астана Арена” стадионының автотұрағында және “Қазақ Елі” монументі алаңында жағылды.