Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Интеллектуалды бейнебақылау камераларының әзірлеушісі – “Сергек” жүйесінің Астана әкімдігімен жасалған мемлекеттік-жекеменшік әріптестік (МЖӘ) келісімі аяқталды. Ол қайта ұзартылмайды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Енді бұл жобаны Біріккен Араб Әмірліктерінен (БАӘ) келген Presight компаниясы жүзеге асырады. Жоба 2025–2030 жылдар аралығына жоспарланған және оған 53 млрд теңге жұмсалады.
Шығынның 100%-ын жеке серіктес өз мойнына алады, ал жобаның 60%-ына қазақстандық компаниялар қатысады. Presight компаниясына төлемдер жоба толық іске қосылғаннан кейін ғана жасалады.
Қазіргі бар камералар бір ай ішінде жаңа серіктеске беріледі.
"Сергек" жүйесі Астанада 2017 жылы іске қосылды. Бұл МЖӘ аясындағы жоба болатын. Оны “Көркем Телеком” компаниясы әзірледі. Жеке инвесторлар жобаға 8,4 млрд теңге салса, әкімдік оларға 24,9 млрд теңге өтемақы төледі. Нәтижесінде, жеке инвестициялар үш есе қайтарылды.