Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Елордада бетон, кірпіш, асфальт, темірбетон және қатты құрылыс қалдықтарының басқа да түрлерін қабылдайтын алаң іске қосылды, деп хабарлады Dauletten.kz.
Астана қалалық қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы стихиялық қоқыс үйінділерінің пайда болу ауқымын азайту үшін құрылыс қалдықтарын қабылдау және қайта өңдеу бойынша санкцияланған алаңды іске қосты.
Құрылыс қалдықтары тікелей құрылыс алаңында немесе арнайы жерде қалдықтардың басқа түрлерінен міндетті түрде бөлінуі керек. Бұл экологиялық кодекстің 376-бабында көрсетілген. Сондықтан да экологиялық заңнама талаптарын бұзбау үшін құрылыс компаниялары алаңмен тікелей шарт жасай алады.
Басқа қоспалардан бөлінген таза құрылыс қалдықтарын қабылдау 1 тонна үшін 1300 теңге, ал қала тұрғындары (жеке тұлғалар) бір жылда құрылыс қоқыстарын 250 келіге дейінгі алаңға тегін тапсыра алады.
Алаң Астана қаласы, Байқоңыр ауданы, Алаш тасжолы (Астана-Павлодар тасжолы) мекенжайы бойынша, ҚТҚ қалалық полигонына қарама-қарсы орналасқан.
Байланыс телефондары: 8 708 425 65 68, 8 (7172) 25-65-68, info@astanard.kz.
Фото: inform.kz