Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментінің баспасөз қызметі COVID-19 вирусын жұқтырғандар санының артып, карантиннің күшеюіне байланысты туристік аймақтар жабылатынын мәлімдеді. Осыған орай, Нұр-Сұлтаннан шығаберісте полиция бекеттері қайта орнатылды.
Елордадан шығаберісте қойылған күзет қала тұрғындарына туристік аймақтарға бағытталған автокөлік қозғалысының шектелгенін түсіндіру жұмыстарымен айналысады.
«Шектеу шаралары үнемі ерекше бақылауда болады. Коронавируспен күресу үшін елорда тұрғындары мен қонақтары жағдайға түсінікпен қарап, суға шомылу маусымы ашық демалыс орындарына, адамдар көп жиналатын жерлерге бармауы керек», - деді жергілікті полиция қызметінің басшысы Госман Жакин.
Полиция департаменті елорда тұрғындарына демалыс орындарына баруды доғару қажетін ескертті. Сондай-ақ санитарлық нормаларды сақтап, індеттің таралуын тежеу мақсатында қала сыртына шықпауды сұрады.