Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Ата Заң жайлы не білеміз?
Жаңалықтар

Ата Заң жайлы не білеміз?

30.08.2023
1 мин
0
1506

Бүгін Ата Заңның қабылданғанына - 28 жыл. Қазақстанның айшықты құжаты болып саналатын ол елдің мемлекеттілігінің қалыптасуына, оның кемелденіп, нығаюына мүмкіндік беретін саяси-құқықтық миссияны атқарады. Осы орайда Dauletten.kz Ата Заң жайлы бірнеше ақпаратпен бөліседі.

Жаңа Конституцияны ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев ұсынып, оны Қазақстан халқы 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда мақұлдап, 5 қыркүйекте күшіне енді. 

ҚР Конституциясына 1998 жылғы  7 қазанда,  2007 жылғы 21 мамырда, 2011 жылғы 2 ақпанда, 2017 жылғы 10 наурызда және 2019 жылғы 23 наурызда өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. 

Конституциямызның алғысөзі былай басталады: 

«Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттілік құра отырып, өзімізді еркіндік, теңдік және татулық мұраттарына берілген бейбітшіл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзілік қоғамдастықта лайықты орын алуды тілей отырып, қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершілігімізді сезіне отырып, өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз». 

Ата Заңымыз 9 бөлім, 98 баптан тұрады. Конституциямызда 9 мың 200-ден астам сөз бар.

 Конституциямыздың ең алғашқы бабы (1-бап):

«Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары». 

Конституциямыздың ең көп бабы – «Адам және азамат» бөлімінде жазылған. Мұнда 30 бап бар. Ал, ең аз бабы – «Конституциялық Кеңес» бөлімінде жазылған. Небәрі 4 бап. 

Конституцияда мына сөздер ең көп кездеседі:

«Зайырлылық» сөзі 1 жерде; 

«Құқық» (құқығы) сөзі 102 жерде; 

«Президент» сөзі 139 жерде; 

«Парламент» сөзі 125 жерде;

 «Үкімет» сөзі 60 жерде; 

«Адам» сөзі 42 жерде; 

«Халық» сөзі 14 жерде, ал «татулық» сөзі 2 жерде (1 және 39-бап); 

«Демократия» сөзі 3 жерде; 

«Ұлтаралық» сөзі тек 39-баптың 2-тармағында: Ұлтаралық татулықты бұзатын кез келген әрекет конституциялық емес деп танылады. 

«Республика» сөзі 350 жерде; 

Ал, «Қазақстан» сөзі 127 жерде кездеседі.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл