Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Атырау облысында жұмысшы жастар 500-ге жуық оқушыға кәсіби бағдар берді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Атырау облысында "PROF БАҒДАР" кәсіби бағдар беру кездесулері оқушылардың болашақ мамандықтарын саналы түрде таңдауға көмектесуге бағытталды. Іс-шара Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының тапсырысымен "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ қолдауымен және "Алматы студенттер Альянсы" КҚ ұйымдастыруымен "Active youth" жобасы аясында жүзеге асырылды.
"PROF БАҒДАР" кездесулері №27 И.Тайманов атындағы орта мектепте, Атырау облыстық ұлттық гимназиясында, Әл-Фараби атындағы BINOM мектеп-лицейі мен Д.Қонаев атындағы BINOM мектеп-лицейінде өтті. Шарада 500-ге жуық мектеп бітіруші түлек қамтылды. Кездесулерге қатысқан жұмысшы жастар мен жас мамандар оқушыларға өз мамандықтары туралы ақпарат беріп, кәсіби дамудағы маңызды қадамдар мен талаптарды түсіндірді. Олар оқушыларға еңбек нарығында қандай дағдылардың сұранысқа ие екенін және әртүрлі кәсіптердің ерекшеліктерін ашып көрсетіп, болашақ мансап таңдауда жеке қасиеттердің де маңызды екенін атап өтті.
Кәсіби бағдар беру сессиясында жұмысшы жастар өздерінің еңбек жолындағы шынайы тәжірибелерін бөлісіп, оқушылардың қойған сұрақтарына жауап берді. Оқушылар белсенді қатысып, өздеріне қызықты сұрақтар қойып, болашақ кәсіби өмірге қатысты нақты ақпараттар алды. Белсенділігімен ерекшеленген оқушыларға арнайы сыйлықтар үлестірілді, бұл олардың болашақ мансабына деген қызығушылығын арттыра түсті.
Бұл кездесулер оқушыларға өз қабілеттері мен жеке ерекшеліктерін ескеріп, болашақ мамандықтарын саналы таңдауға мүмкіндік берді. Іс-шара оқушылардың өзіне деген сенімін нығайтып, өз болашағына жауапкершілікпен қарауға және еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болу үшін қажетті дағдыларды дамытуға шақырды.
Осылайша, Атырау облысындағы жұмысшы жастар мен білім мекемелерінің бірлескен кездесулері өңір жастарының кәсіби даму жолындағы алғашқы қадамдарын нығайтып, аймақтағы жастарды қолдауға бағытталған маңызды жоба ретінде үлкен қызығушылық тудырды.