Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Бүгін Атырау қаласының оқушылары мен студенттері қашықтан оқитын болады, деп хабарлайды Dauletten.kz.
«Дамба ауылынан 30 шақырым жердегі «Ақжайық» мемлекеттік табиғи қорығы аумағында түтіннің пайда болуына және қамыс өртінен шыққан иіске байланысты бүгін, 3 сәуірде Атырау қаласының барлық оқушылары мен студенттері қашықтан оқиды. Қосымша ақпарат кейінірек жарияланады», - дейді Білім басқармасының баспасөз қызметі.
Ауада таралған түрлі улы қышқыл газдар, қала халқының денсаулығына аса ауыр. Күкіртті сутек, азот диоксиді, көміртек тотығы адам ағзасына еніп, қатты жөтел тудырып, жүрек айнытып, бас ауруға алып келеді.
Айта кету керек, бүгін Атырауды бұрын-соңды болмаған қою түтін мен оттың өткір иісі басқан. Атыраулықтар медициналық бетперде киюге мәжбүр, ал кейбіреулері тіпті противогаз киіп жүр.
Алайда, қала тұрғындары жайдан жай қамыс өртенуі мүмкін емес, істе шикілік барын алға тартады.
Фото: atyrauoil инста-парақшасы