| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Атырау облысының Мақат ауданындағы Доссор кентінде орын алған жол апаты екі сәби оқиға орнында көз жұмды, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
26 наурыз күні түскі уақытта Атырау облысы, Мақат ауданына қарасты Доссор кентінде ауыр жол-көлік оқиғасы тіркелді.
Алдын ала мәлімет бойынша, кент ішінде отбасы отырған жеңіл көлік пен минивэн соқтығысып, апат салдарынан бір сәби оқиға орнында қаза тапты, екіншісі алған жарақаттарынан кейін ауруханада қайтыс болды.
Полиция хабарлағандай, жол апатына «Toyota Estima» және «Opel» маркалы көліктер қатысқан. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Құзырлы органдар оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, тергеу нәтижесіне сәйкес қосымша ақпарат жариялауды жоспарлап отыр.