Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Елімізде шаруаларды қолдауға арналған қандай қаржы бағдарламалары бар? Аталған сауалға Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Рүстем Құрманов жауап берді. Бұл туралы inform.kz жазды, деп хабарлайды Dauletten.kz.
«Биыл ауыл шарушылығын қолдауға бөлінген 450 млрд теңгеден бөлек, қосымша ірі жобаларды қолдауға бағытталып 100 млрд теңге қаржы бөлінді. Оның ішінде 65 сүт фермасын құру бар. Қолдау аясында фермерлердің 2,5% кредитті 10 жылға алу мүмкіндігі бар. Одан бөлек, «Ауыл аманаты» атты шағын несие бағдарламасы іске қосылған. Оған да 100 млрд теңге бөлінді. Мақсат – ауыл тұрғындарының табысын арттыру», - деді Рүстем Құрманов Ақмола облысында өтіп жатқан «Jańa Dala» мамандандырылған көрмесінде.
Вице-министрдің мәлімдеуінше, ауыл шаруашылығы - экономиканың локомотиві.
«Ауыл шаруашылығының одан әрі дамуы өндірушілер мен шаруалардың заман сұранысына бейімделіп, оған сай жұмыс істей алуына байланысты. Ол дегеніміз - цифрландыру, заманауи технологияға көшу және трансформация. Біздің министрлік бизнес ортамен бірлесіп жұмыс істегісі келеді. Сол сияқты отандық ауыл шаруашылығы өндірісінің бәсекелестігін арттыру бағытында бірлесіп әрекет етуге дайынбыз», - дейді ол.