Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ауыл шаруашылығында қолданылатын су бағасы қымбаттауы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».
Асқар Маминнің төрағалығымен өткен отырыс барысында су ресурстарын пайдалану мәселесі қаралды. Жоба барысында бірқатар өзгерістер қабылдануы мүмкін.
Дүниежүзілік банк мамандары болашақта Орталық Азия елдерінде су тапшылығы туындауы мүмкін екенін ескертеді. Елімізде ауыл шаруашылығына қолданылатын судың басым бөлігі көрші елдерден келеді. Оңтүстік өңірде ылғалды жоғары мөлшерде қажет ететін дақылдардың бірі күріш аса көп егіледі. Осы орайда, экология министрлігі шаруаларға суды көп қажет етпейтін басқа да дәнді-дақылдарға ауыстыру керектігін алға тартты.
«Біз бүгінде гидротехникалық қондырғыларды бюджет есебінен жөндейміз. Ал егер судың бағасы қымбаттайтын болса, мемлекеттік бюджетке салмақ түсірмейміз. «Қазсушаруашылығы» сынды мекемені ұстап тұру да дұрыс емес. Оған жұмсалған қаржыны фермерге қолдау ретінде ұсынсақ, көптеген мәселе шешімін табар еді», - деді ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Сергей Громов.
Тағы көру