Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстан Үкіметінің қаулысымен Айдар Ахметбекұлы Әбілдабеков Сауда және интеграция вице-министрі қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Dauletten.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2023 жылдың шілде айынан бері ол Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің төрағасы қызметін атқарып келді.
Айдар Әбілдабеков 55 жаста. Ол академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін және академик Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 1996 жылы бастаған. Әр жылдары коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеген, сондай-ақ сауда саласында кәсіпкерлікпен айналысқан.
1998–2009 жылдар аралығында кеден органдарында инспектор, аға инспектор, бас инспектор, кеден бекетінің басшысы орынбасары және бөлім басшысы лауазымдарын атқарған.
2010–2022 жылдары Статистика агенттігінде қызмет көрсетулер статистикасы басқармасының басшысы, Алматы қаласы бойынша статистика департаменті басшысының орынбасары, сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан, Түркістан облыстары мен Алматы қаласының статистика департаменттерін басқарған.
2022–2023 жылдары Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитеті төрағасының орынбасары лауазымында қызмет етті.