Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Бала асырап алғысы келетін азаматтарға қойылатын талаптар қатаңдатылады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Оқу-ағарту министрлігі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға қатысты заңнамалық өзгерістерді әзірлеуде. Вице-министр Еділ Оспанның айтуынша, міндеттер күшейтілмек.
Жаңа талаптар арасында бала асырап алушы мен асырап алынған бала арасындағы жас айырмашылығын белгілеу, үміткердің соттылыққа қатысты мәліметті жыл сайын жаңартып отыру міндеті, сондай-ақ міндетті психологиялық тексеруден өту және аккредиттелген ұйымдар арқылы арнайы оқыту сияқты ережелер бар.
Бұл өзгерістер қазір мемлекеттік органдардың қарауында. Алдағы уақытта ұсынылған заңнамалық нормалар Парламентке қарауға жіберіледі.