| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Жетісуда есірткінің ірі партиясын таратпақ болған 19 жастағы күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Жедел ақпаратты тексеру барысында Көксу ауданының Балпық би ауылында жанармай құю станцияларының бірінің маңында Daewoo автокөлігі тоқтатылды. Көлік ішінде көршілес өңірдің 19 жастағы тұрғыны болған. Автокөлікті тінту кезінде скотчпен оралған пакет анықталды. Оның ішінен әрі қарай таратуға дайындалған ұнтақ тәрізді зат салынған 310 орама тәркіленді.
Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттардың арасынан психотроптық және есірткі заттары анықталды. Атап айтқанда, 65 грамнан астам мефедрон, 79 грамнан астам α-PVP және шамамен 17 грамм гашиш болған. Осылайша полиция қызметкерлері есірткі және психотроптық заттардың ірі партиясының одан әрі таралуына жол бермеді.
Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта тыйым салынған заттардың қайдан алынғаны және оларды әрі қарай тарату арналары, сондай-ақ істің өзге де мән-жайлары анықталуда.