458.87
535.09
5.42
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Тоқаев мектептегі оқу жасына қатысты мәселені қайта қарауды ұсынды
Жаңалықтар

Тоқаев мектептегі оқу жасына қатысты мәселені қайта қарауды ұсынды

26.08.2026
мин
0
85

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мектептерде 18 жастағы жасөспірімдерді оқытудың қаншалықты орынды екенін қарастыруды ұсынды. Мемлекет басшысы бұл мәселені педагогтердің тамыз конференциясында көтерді, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру жүйесіндегі бірнеше маңызды мәселені атап өтті. Соның ішінде мектепте 18 жастағы жасөспірімдердің білім алуына қатысты қолданыстағы тәсілді қайта қарау қажеттігіне назар аударды.

Мемлекет басшысының пікірінше, қазіргі балалардың физиологиялық тұрғыдан ертерек дамуын ескере отырып, олардың мектепте қанша жыл оқитыны туралы мәселе қайта талқылануы керек.

- Жаңа формациядағы мамандарды даярлауды мектептегі білім беруден бөлек қарастыруға болмайды. Бірыңғай вертикаль қалыптастыру қажет. Осыған байланысты мынадай сұрақ туындайды: НЗМ мен жекеменшік мектептердегідей 18 жастағы жасөспірімдерді мектепте ұстау қаншалықты орынды? Қазіргі балалардың физиологиялық тұрғыдан жедел дамуын ескерсек, бұл қаншалықты мақсатқа сай? Меніңше, министрлік бұл мәселені қарастырады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, жаңа формациядағы мамандарды даярлау мектептен бастап кейінгі кәсіптік білімге дейінгі кезеңдерді қамтитын бірыңғай жүйе бойынша құрылуы тиіс.

AI білім беру жүйесін өзгертпек

Тоқаев білім беру саласына жасанды интеллектіні енгізу мәселесіне де арнайы тоқталды.

Ол жаңа технологияларды жай қызығушылық үшін қолданылатын құрал ретінде емес, адамның кәсіби мүмкіндігін арттыратын практикалық ресурс ретінде қарастыру қажет екенін айтты.

- Басқаша айтқанда, жасанды интеллект пен оның құралдары – қызық үшін пайдаланатын ойыншықтар емес, күнкөріс құралы. Негізінде, солай болуы керек, – деді Президент.

Қазір жоғары білім беру жүйесінде жасанды интеллектіні қолданудың этикалық, құқықтық және ұйымдастырушылық мәселелерін реттейтін университетаралық стандарт жұмыс істеп тұр. Мемлекет басшысы осындай талаптарды орта және техникалық-кәсіптік білім беру жүйесіне де енгізуді тапсырды.

Қазақ-қытай AI мектебі ашылуы мүмкін

Президент Астанада Қытайдың жаңа технологиялар саласындағы тәжірибесі мен жетістіктерін ескере отырып, қазақ-қытай жасанды интеллект мектебін ашу мәселесін де көтерді.

Жиынға еліміздің әр өңірінен 600-ден астам педагог қатысты.

Ал Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова білім беру саласындағы өзгерістер мен мұғалімдерді қолдау шараларына тоқталды. Оның мәліметінше, Қазақстанда білім саласына бөлінетін қаржының 65,9%-ы мұғалімдердің жалақысына жұмсалады. Жалпы білім беру саласына бөлінетін қаржы көлемі үш еседен астам өскен.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл