Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Балаға Kaspi Gold-ты кімдер аша алады?
Жаңалықтар

Балаға Kaspi Gold-ты кімдер аша алады?

19.09.2023
1 мин
0
1666

Kaspi.kz басшысы Михаил Ломтадзе енді балаға Kaspi Gold-ты қорғаншылар мен қамқоршылар аша алатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Dauletten.kz.

«Біз қазір балаға арналған Kaspi Gold-ты қамқорлығындағы балаларға үшін қамқоршылар да аша алатынын қуана хабарлаймыз. Қазақстан Республикасы Білім министрлігімен, Цифрландыру министрлігімен және "ҰАТ" АҚ-мен бірлесе отырып, біздің команда тез арада осындай онлайн сервисті құрды. Балаға арналған Kaspi Gold арқылы сіз балаларға қажетті шығындар үшін ақша аударып, қаржылық сауаттылық негіздерін үйрете аласыз. Біздің сүйікті клиенттеріміздің бізбен бірге болғандарына рахмет!»,- деді Михаил Ломтадзе.

ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Айбат Ілиясовтың айтуынша, Білім министрлігі мемлекеттік қызметтерді электронды және проактивті форматқа көшіру бойынша жұмысты жалғастыруда. 

«Kaspi.kz-пен бірге біз қорғаншылар мен қамқоршыларға қосымша қағаз сертификаттарын бермей-ақ, балаларға Kaspi Gold картасын ашуға мүмкіндік беретін сервисті іске қостық. Қызметтердің онлайн қолжетімділігі оларды алуды жеңілдетеді және азаматтар мен қызмет көрсетушілер арасындағы байланысты болдырмайды»,- деді Айбат Ілиясов.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин де өз пікірін білдірді.

«Екі жыл бұрын ҚР Цифрлық даму министрлігінің бастамасымен біз мемлекеттік қызметтерді сыртқы платформаларға, соның ішінде банк қосымшаларына енгізуді бастадық. Бүгінде біз кейбір қызметтердің eGov-қа қарағанда танымал екенін көреміз. Ақпараттық жүйелерді біріктірудің арқасында Kaspi.kz қосымшасындағы қызметтердің саны артып келеді, енді қамқоршы балаға банк картасын ашуға мүмкіндік туды, сол арқылы біз бизнесті дамытуға және азаматтардың тұрмысын жақсартуға мүмкіндік береміз»,- деді ол.

Еске салсақ, осы уақытқа дейін балаға Kaspi Gold-ты тек анасы немесе әкесі ашуға құқылы болатын.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл