Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Балаларды суицид жасауға итермелейтін 15 мың сайт пен сілтеме бұғатталды. Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов айтты, - деп хабарлайды Dauletten.kz
Бас прокурор Берік Асылов балалар арасындағы суицидты алдын алу туралы прокурорларға тапсырма берді.
- Балалардың өзіне-өзі қол жұмсау толқыны қоғамда резонанс тудырды. Прокурорларға әр факт бойынша тергеуді ерекше бақылауды тапсырдым. Жалпы, әлеуметтік желілер балалардың суицид белсенділігіне әсер ететіндіктен прокурорлар 15 мың зиян сайт пен сілтемені бұғаттады. Сондай-ақ қиын тұрмыстық жағдайдағы отбасылармен жұмыс істеудеміз. Мемлекеттік органдармен суицидтің алдын алу бойынша шұғыл шаралар кешенін әзірлейтін боламыз, - деп жазды Асылов желідегі парақшасында.
Бас прокурордың мәлімдеуінше, балаларды суицид жасауға итермелейтін 15 мың сайт пен сілтеме бұғатталды.