Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінде 2 мыңнан астам балалар ойыншықтары тексерілді. Олардың тең жартысы техникалық регламент талаптарына сай емес.
Комитет өкілдерінің айтуынша, олардың көпшілігі қате таңбаланған. Сондай-ақ, мамандар органолептикалық (адамның сезім мүшелері арқылы бағаланатын сипаттамалар: көру, дәм, сипап сезу, иіс, есту) көрсеткіштері бойынша – 3,1%, сондай-ақ санитарлық-химиялық және токсикологиялық-гигиеналық көрсеткіштер бойынша – 2% бұзушылықтарды анықтады.
Кейбір ойыншықтарда ксилол, бензол, фенол, гептан, формальдегид, этилацетат, стирол және спирттің артық мөлшері анықталды.
Нәтижесінде 56 келіден астам қауіпті және талаптарға сай келмейтін ойыншықтар саудадан шығарылды. Оның 80 пайыздан астамы Қытайда жасалған.