Қазақстан Республикасы азаматтарының өмірі мен денсаулығын қорғау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуын болдырмау мақсатында қаржы нарығындағы субъектілердің жұмыс режимі туралы бірлескен бұйрық шығарылды.
Бұйрыққа сәйкес мына нысандардың жұмыс режиміне өзгерістер енгізіледі:
- Екінші деңгейдегі банктер, ҚР бейрезидентбанктерінің филиалдары;
- Шетел валютасымен айырбастау пункттері;
- Ипотекалық ұйымдар;
- Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары;
- Сақтандыру брокерлері, ҚР бейрезидентсақтандыру брокерлерінің филиалдары;
- Бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;
- Микроқаржы ұйымдары, кредиттік серіктестіктер, ломбардтар;
- Төлем ұйымдары
- Коллекторлық агенттіктер
2021 жылғы 19 қаңтардан бастап осы субъектілер қызметтерді барынша онлайн-режимде көрсетуді қамтамасыз ету керек.
"Эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес мыналарға жататын аймақтарда қызметін жүзеге асыратын субъектілер:
- "қызыл" аймаққа – халыққа қызмет көрсеткен кезде күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режим шараларын қатаң сақтаған жағдайда, өндірістік қажеттілік кезінде қашықтан жұмыс істеу нысанына филиалдың (бөлімшенің, пункттің) штат санының кемінде 40% қызметкерлері ауыса алатын филиалдарын (бөлімшелерін, пункттерін) қоспағанда, жалпы штат санының кемінде 60% қызметкерлерінің қашықтан жұмыс істеу нысанына ауысуын қамтамасыз етсін;
- "сары" және "жасыл" аймақтарға – халыққа қызмет көрсеткен кезде күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режим шараларын қатаң сақтаған жағдайда, өндірістік қажеттілік кезінде қашықтан жұмыс істеу нысанына филиалдың (бөлімшенің, пункттің) штат санының кемінде 30% қызметкерлері ауыса алатын филиалдарын (бөлімшелерін, пункттерін) қоспағанда, жалпы штат санының кемінде 50% қызметкерлерінің қашықтан жұмыс істеу нысанына ауысуын қамтамасыз етсін.
Бірлескен бұйрық агенттіктің ресми сайтында жарияланған.
Әлеуметтік желілерде бөлісу