Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Банктегі немесе МҚҰ-дағы проблемалық қарыз: мерзімі өткен қарызды қалай өтеуге болады?
Қаржылық сауат

Банктегі немесе МҚҰ-дағы проблемалық қарыз: мерзімі өткен қарызды қалай өтеуге болады?

24.07.2024
мин
1
2853
fingramota.kz сайтынан алынды

2021 жылғы қазанда банктердің және МҚҰ-ның жеке тұлғалардың мерзімі өткен берешегін сотқа дейін реттеудің бірыңғай және міндетті тәртібі заңнамалық түрде енгізілді. Осы кезеңнен бастап ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі кейбір нормативтік құқықтық актілерге түзетулер енгізді, олар кредиттер бойынша мерзімді өткізіп алу мәселесін едәуір жедел және тиімді шешуге мүмкіндік береді.

Fingramota.kz мерзімі өткен берешекті реттеу бойынша күшіне енген нормалар туралы айтып береді.

2021 жылғы 1 қазандағы Заңда не айтылған?  

Банктердің және МҚҰ-ның жеке тұлғалардың мерзімі өткен берешегін сотқа дейін реттеудің осы бірыңғай және міндетті тәртібін енгізудің кредиторлардың қарыз алушылардың өтініштерін қарауға формальды қарауы және 6 және одан да көп айға созылатын шешім қабылдау рәсімінің ұзақтығы негіз болды.

2021 жылғы 1 қазаннан бастап Қазақстанда банктер мен МҚҰ үшін мерзімі өткен берешекті сотқа дейін реттеудің бірыңғай тәртібі қолданылады. Бұл өмірлік қиын жағдайға тап болған және қарыздарын төлей алмай жүрген адамдарға арналған. Ең жақсы шешім – мәселені кредитормен талқылау және ымыраға келу. Осылайша, кредит бойынша пайда болған берешекті басқарудың заңнамалық тетігі пайда болды.

Анықтама үшін: 2021 жылдан бастап бірыңғай тәртіп 1,3 млн қарыз алушыға шарт талаптарын өзгертуге мүмкіндік берді, оның ішінде 2023 жылдың басынан бастап кредиторлар 815 мың қарыз алушының (330 мың банк қарыз алушысы, 485 мың МҚҰ қарыз алушысы) қарыздарын қайта құрылымдауды жүргізді. Ағымдағы жылғы 1-жартыжылдықта 286,1 мың қарыз алушының қарыздары қайта құрылымдалды (оның ішінде 143,1 мың банктердің қарыз алушысы, 143 мың МҚҰ-ның қарыз алушысы) жалпы сомасы 463 млн теңгеге (оның ішінде банктер – 315,6 млн теңге, микроқаржы ұйымдары – 147,3 млн теңге) құрады.

Банктерге және МҚҰ-ға қандай жаңа талаптар белгіленді? 

2024 жылғы қаңтар

Азаматтардың проблемалық берешегін реттеудің сотқа дейінгі тәртібінің тиімділігін арттыру үшін нормативтік-құқықтық актілермен банктер мен МҚҰ-ға жаңа талаптар белгіленді.

1. Егер 2021 жылғы 1 қазандағы заңда қарыз алушы банкке немесе МҚҰ-ға төлем мерзімі өткен берешекті 30 күн ішінде реттеуге өтініш бере алса, ағымдағы жылғы қаңтардан бастап НҚА-да төлем мерзімі өткен күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң қарыз шартының талаптарын өзгерту туралы өтініш беруге мүмкіндік беріледі. 

Яғни, қарыз алушы үшін төлем мерзімі өткен күн аса маңызды емес және ол қарызды өтеу үшін кредиторға жүгіне алады.

Жаңа қағидаларда банктің мобильдік қосымшасы арқылы банктік қарыз шартының талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтініш беру мүмкіндігі көзделген.

2. Тағы бір норма банктер мен МҚҰ-ның кредитті қайта құрылымдау мәселесін қарау үшін қарыз алушыдан төлем мерзімі өткен берешекті немесе оның бір бөлігін біржолғы өтеуді талап ете алмайтынына байланысты. 

Іс жүзінде кредит бойынша жаңа төлем кестесін ұсыну үшін көптеген банктер және МҚҰ қарыз алушыдан алдымен қарыз сомасының 20-30% мөлшерінде жарна төлеуді талап етіп, содан кейін ғана қайта құрылымдау мәселесін шешуге кірісетін. Енді бұл тәжірибе жойылды.

3. Банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі өткен кезде банкті хабардар ету нысаны және мерзімі өткен берешегі бар қарыз алушымен және үшінші тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау тәртібі бекітілді.

Азаматтардың Агенттікке берген жолданымдарына сүйенсек,  банктер кредит бойынша төлем мерзімі өткен қарыз алушының құқықтары мен міндеттері туралы ақпаратты толық жария етпеген кезде проблемалар пайда болатынын көруге болады.

Жаңа нормалар банктерді қарыз алушыны банктік қарыз шартында көрсетілген қарыз алушының тұрғылықты жері (орналасқан жері) бойынша SMS-хабарлама, push-хабарлама немесе мобильді қосымша арқылы хабардар етуге міндеттейді. Хабарламада мерзімі өткен берешектің толық сомасы, сондай-ақ негізгі борыш, сыйақы бойынша есептелген сома көрсетілуі тиіс. Сонымен қатар, хабарламада негізгі борышты қайтару және (немесе) сыйақы төлеу бойынша міндеттемелерді бұзғаны үшін есептелген айыпақының (өсімпұлдың) сомасы болуға тиіс. 

Жаңа НҚА-ға банктердің қызметкерлерінің кредит бойынша мерзімі өткен клиенттермен өзара іс-қимылы бойынша нормалар енгізілген.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
Г
Газиза 25.07.2024
Кредитимиз жойылса гой ширкин бакнктерге калекторларга занды коясындар бирак олар орындап жаткан жок занга карап быскырып жаткан колекторларды кормеди график исте десен 300 мыннан аса акша сурайт
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл