Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Испандық екі клуб – каталондық "Барселона" мен мадридтік "Реал" – Канаданың ұлттық құрамасы мен немістің "Бавария" командасының қорғаушысы Альфонсо Дэвисті 50 миллион еуроға сатып алуды көздеп отыр, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Каталондық "Барселона" 23 жастағы сол жақ қорғаушы Альфонсо Дэвиспен келісімшартқа отыру үшін бар күшін салуға дайын, оның "Бавариямен" келісімі 2025 жылдың жазында аяқталады. Бұл туралы испандық Mundo Deportivo порталы хабарлайды.
Мәліметке сүйенсек, канадалық футболшыға мадридтік "Реал" да қызығушылық танытып, бірнеше ай бойы мюнхендік клубтың қорғаушысымен байланыс орнатып келеді және оны алу жолында алда келеді. Алайда, әлі күнге дейін тараптар арасында ешқандай ресми келісім жасалған жоқ.
Авторитетті Transfermarkt порталының мәліметі бойынша, Альфонсо Дэвистің нарықтық құны қазір 50 миллион еуроны құрайды. Айта кетейік, футбол тарихындағы үздік бомбардир португалдық Криштиану Роналдуның құны 15 миллион еуро болса, оның басты қарсыласы аргентиналық Лионель Мессидің құны 25 миллион еуро. Ал порталдың нұсқасы бойынша ең қымбат ойыншылардың бірі, Англияның «Манчестер Сити» клубы мен Норвегия құрамасының шабуылшысы Эрлинг Холандтың құны 200 миллион еуроны құрайды, оны Қазақстан құрамасы Ұлттар Лигасының алғашқы матчында тоқтатқан болатын.