Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
«Баспана хит» ит қылмай ма?
Баспанаға бағыт

«Баспана хит» ит қылмай ма?

13.06.2020
2 мин
79
18763

«Баспана хит» бағдарламасы 2018 жылдың соңында іске қосылды. Бағдарлама жаңа салынған үйлерді және қайталама нарықта қолданыста болған үйлерді алуға арналғандықтан сұраныс басым. Сонымен қатар бұл бағдарлама арқылы атында баспанасы бар адамдар да үй алуға мүмкіндігі бар.

Бағдарламаның негізгі шарттары төмендегідей:

  • кредит беру объектісі – жаңа салынған және екінші дәрежелі тұрғын үйлер;
  • бастапқы жарнасы 20 пайыздан басталады;
  • қарыз мерзімі 15 жылға дейін;
  • қарыз валютасы – теңге.

Ал қарыз алушыға қойылатын талаптар мынадай:

  • Қазақстан Республикасының азаматтығы;
  • өтінім бергенде басқа өтелмеген ипотекалық кредиттерінің болмауы;
  • ресми түрде расталған тұрақты табысының болуы.

«Баспана хит» бағдарламасы арқылы жаңа және қолданыста болған, екінші дәрежелі тұрғын үйлерге өтінім бере аласыз. Тек тұрғын үйдің салынған уақыты 50 жылдан аспауы керек. Сондай-ақ бағдарлама арқылы сатып алынатын тұрғын үй бағасына да белгілі шектеу бар:

  • Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Атырау – 25 млн теңге;
  • басқа аймақтарға – 15 млн теңге.

Жылжымайтын мүлікті республика аумағынан тыс жерден алуға жол берілмейді. Дегенмен тұрғын үйді өзің тіркелген жерден басқа елді мекеннен алуға ешқандай шектеу жоқ.

Қарыз алушының кірісі «Баспана хит» бағдарламасы бойынша үй алуға жеткіліксіз болса, ата-анасы, туыстары және басқа да адамдарды қосалқы борышкер ретінде жұмылдыруға болады.

Жоғарыда аталған бағдарлама талаптары бүгінге дейін сақталғанымен, биыл наурыздан бастап «Баспана хитте» ипотека рәсімдеудің пайыздық мөлшерлемесі айтарлықтай артқанын ескеру керек. Жылдық сыйақы мөлшері - 10.75.

Енді біздің порталдағы ипотекалық калькулятор арқылы 10 млн теңгенің үйін «Баспана хиттің» ипотекасымен алғандағы жалпы бағасы қанша болатынын және банкке төленетін артық төлем құнын есептеп көрейік. Ол үшін бос жолдарды төмендегідей толтырып, «Есептеу» батырмасын басасыз.

 

Калькулятор есебі бойынша, ипотекаға «Баспана хитпен» алынған пәтердің жалпы құны 16 141 651 теңге болды. Ал банкке төленетін артық төлем құны – 8 141 651 теңге. Ипотека жылын ұзартқан сайын, сіздің артық төлеміңіз де өседі. Сондай-ақ жылдық сыйақы мөлшерлемесі басқа бағдарламалармен салыстырғанда артық екенін ескеріңіз. Бұл бағдарлама бойынша 15 жылға алынған қарыз мөлшері бірге бір үйдің ақшасына жуықтайды. Десе де, бұл жерде ақшаның құнсыздану деңгейін және сіздің жалдамалы пәтерге төлейтін ақшаңызды есепке ала отырып, шешім қабылдау керек. Болашақта баспана аламын деген жоспар болса, пәтердің бағасын біздің сайттағы "Ипотекалық калькулятор" арқылы есептеп, өзіңізге ыңғайлы бағдарламаны таңдауға болады. 

   

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
79 Пікір
Б
Бота 17.09.2021
Баспана хит бағдарласасы тоқтайды деген еді распа
Жауап беру
Ж
Жандос 15.06.2021
Атымызда үй болсада бере берема
Жауап беру
К
Кульзипа 05.02.2021
Бұл бағдарлама Тараз қаласында бар ма?
Жауап беру
А
Акбопе 19.12.2021
Ия бул Тараз каласында бар.
Жауап беру
У
Улжаркын 26.01.2021
Быр жагынан утыласын баспана хиттен, но данный момент ешкымде артык акша жок, мысалы быр досымыз 5 жылда 9 млн квартирага толепты, лучше баспана хитпен уй алса быреуге емес озыне уй алып кояр едыгой деп коям,когда акша болса арине баскалай алуга тиымды, егер жок болса енды аренда толегенше озыне калсын артык толеседе.
Жауап беру
Е
Ерасыл 25.01.2021
Шымкент қаласы жоқ па?
Жауап беру
К
Канат 10.02.2021
Неге жок? Шымкент тугил Жетисай, онын ар жагындагы Мырзакенттен де алуга болад.
Жауап беру
А
Акмарал 17.01.2021
Квартира арендасына толегенше, ипотекага толеу алдекайда жаксы.
Жауап беру
Ж
Жаркынаи 17.01.2021
Коп.балалымын.и.1.балам.мугедек
Жауап беру
Д
Дина 15.01.2021
Бул деген халыкты тонаугой 10 дык уйды 18 млн кылып толеймызба сонда ужас
Жауап беру
Ж
Жаркынаи 17.01.2021
Коп.балалымын.и.1.балам.мугедек
Жауап беру
Г
Гулзат 13.01.2021
Отбасы банк онлайн ашуға бола ма?
Жауап беру
А
Алина 13.01.2021
Жок кайтарымы оте коп екен, бул жаксылык жасау емес канаугой.
Жауап беру
Г
Гулзат 13.01.2021
Сәлеметсіздерма? Алматыдан жер болмаса ескі уй болсада алсам деймін жолдарын айтсаңыздар бакыты отбасымен алсам деп жургем жеңіл кандай жолдары бар
Жауап беру
Г
Гулзат 13.01.2021
Сәлеметсіздерма? Алматыдан жер болмаса ескі уй болсада алсам деймін жолдарын айтсаңыздар бакыты отбасымен алсам деп жургем жеңіл кандай жолдары бар
Жауап беру
А
Акмарал 13.01.2021
Переплатасы тым көп екен... 50/50 тиімдірек
Жауап беру
А
Айым 12.01.2021
Қалай үй алу керек ? Қандай тәсілдері бар ? Өтініш білетіндеріңіз бір ақыл айтып жіберіңіздерш
Жауап беру
А
Айым 12.01.2021
Сонда Мен 2 жыл бұрын осында тіркелгем, 2 жыл өтті анда санда ақша саламын , ішінде 200 мын ғана бар , ендігі жылы 1 миллион болса, уй ала алмаймын ия?
Жауап беру
D
Damir Berkimbek 13.01.2021
Ия, сіздің ЖССБ-банкімен алғаш жасаған шарт сомасына байланысты.
Жауап беру
D
Damir Berkimbek 13.01.2021
Шарт сомасы жалпы үй құнының 50%-ын құрайды.
Жауап беру
А
Айгерим 12.01.2021
Биз алдык осы багдарламамен. Квартировладелец туры, ипотеканын пайызын томендегенин куткенше, оз уйимнин акшасын толеп кутыла берген жаксы гой. Биз 8млн уйин алдык 10жылга айына 78 толеймиз
Жауап беру
Р
Рыскул 13.01.2021
8млн.дык үй ма?кай каладан алдыңыз?
Жауап беру
Р
Рыскул 13.01.2021
8млн.дык үй ма?кай каладан алдыңыз?
Жауап беру
А
Айнур 12.01.2021
Неге ауылдық жерден бермейді ? Барлық банккн звандадым бари тек каладан беремтз диз деиди
Жауап беру
А
Айдана 12.01.2021
Ой бай не деген сұмдық мынау .Окімет зврпылатада котерсе уй алаламыз.ай сайынғы айлык 90000₸ тенге болса калай аласын
Жауап беру
Т
Толқын 12.01.2021
Жақсы ақыл кеңес екен
Жауап беру
Т
Толқын 12.01.2021
Жақсы ақыл кеңес екен
Жауап беру
Г
Гаухар 12.01.2021
Мә мынау деген масқара ғой
Жауап беру
Ж
Жайна 12.01.2021
Қандай ипотекамен үй алынса да, мейлі жилстрой болсын, дәл осылай төленеді ақша. Тек түрлендіріп қойған.
Жауап беру
А
Алиева 12.01.2021
О..еть и не встать! Баска соз жок❌
Жауап беру
А
Азиза 12.01.2021
Қалдарыңыз қалай? Біз осы бағдарламамен алып жатырмыз. Басында қымбат болып көрінген. Өзіміздің кредитімізді, квартирамызды есептесек айына 180.000 төлер
Жауап беру
А
Алтынай 12.01.2021
Кеш жарық,мүгедек баласы бар отбастарына қандай бағдарлама бар?
Жауап беру
М
Манап 12.01.2021
Бакытты отбасы
Жауап беру
К
Кеш жарық,мүгедек баласы бар отбастарына қандай бағдарлама бар? 12.01.2021
Кеш жарық,мүгедек баласы бар отбастарына қандай бағдарлама бар?
Жауап беру
А
Анар 15.01.2021
Отбасы банкінде , Бақытты отбасы деген бағдарлама
Жауап беру
Д
Даулет 12.01.2021
2 группа да инвалид с детства
Жауап беру
А
Акерке 12.01.2021
Сонымен қайсы тиімді үй алуға?
Жауап беру
Н
Нурзад 12.01.2021
Өте туси
Жауап беру
Қ
Құрмет БИТӨЛЕУҚЫЗЫ 12.01.2021
Оқыдым әрине қажет адам әрекет жасайды квартира ға төлеген ақшаны өз үйімнің ипотекасына төлесем қандай керемет болар еді ойлану үстіндеміз бұйырса алып қалармын бәрі алланың қалауымен рақмет сіздерге алла разы болсын
Жауап беру
Г
Гулсара 12.01.2021
50:50багдарласасы бойынша алгымыз келген 6жылга 5%бен сразу алгымыз келген онымен олай болмайт 8,5% сразу алсан дит ой таста курсын лучие уй салып алмаймынба екі есе банкке бергенше
Жауап беру
Е
Ера 12.01.2021
Ит кылама деген сурак койып жауап кайтармадыныз .
Жауап беру
А
Айнур 12.01.2021
Үй салуға, үй құрылысына алуға бола ма
Жауап беру
А
Ажар 12.01.2021
Ит қылды ғой өкімет адамды
Жауап беру
М
Махаббат 12.01.2021
50де 50 бағдарламасы туралы білгім келеді
Жауап беру
Г
Гуля 12.01.2021
Екинши дарежели дегенды калай тусинемиз?
Жауап беру
М
Меруерт 12.01.2021
Вторичный
Жауап беру
Т
Тоты 12.01.2021
Бұрын қолданыста болған үйлерді айтады
Жауап беру
Т
Тоты 12.01.2021
Бұрын қолданыста болған үйлерді айтады
Жауап беру
Т
Тоты 12.01.2021
Бұрын қолданыста болған үйлерді айтады
Жауап беру
Г
Гулдаурен 12.01.2021
Ай сайын 89мын емес одан да коп толеп,15жылды одан да аз жылга кыскартса устиндеги переплата да кыскармайдыма?
Жауап беру
Г
Гаухар 12.01.2021
Прописка туралы айтпадыныз
Жауап беру
А
Айгүл 12.01.2021
Баспана хитке прописка міндетті емес
Жауап беру
А
Алиева 12.01.2021
О..еть и не встать! Баска соз жок❌
Жауап беру
Ж
Жанар 12.01.2021
Процент жоғары, үстіне 8млн қосып төлеу масқара
Жауап беру
Г
Гүлжайна 12.01.2021
Бул калай сонда жилстройзбирбанпа??
Жауап беру
А
Айко 10.09.2020
1жыл болды депозит ашканыма,8500000 уйн алу ушин канша толеим первонач взнос
Жауап беру
А
Аружан 12.01.2021
1700000, сонда банктен қалған 6800000 аласыз
Жауап беру
Э
Эльмира 24.08.2020
Осы бағдарлама бойынша сатып алатын үйдің бастапқы қанша пайызын құйып ала аламыз?
Жауап беру
04.09.2020
20% құйып аласыз деп жазылып тұр ғой
Жауап беру
Ғ
Ғалия 20.06.2020
Осы бағдарламамен үй алу ойда бар. Алла қаласа ол күнге де жетерміз.
Жауап беру
Б
Бауыржан 15.06.2020
Даулет мырзаға көмекшілеріне шексіз ризамын !!!!!!!
Жауап беру
Э
Эльвира 14.06.2020
Народный банкте ақшалай алған кредиттім бар, сонда да беріле ме?
Жауап беру
А
Айнур 14.06.2020
Мен де осы бағдарламамен баспаналы болдым былтыр. Жақсы болды пәтерақыны өзгеге бермейсің. Өз баспанаң болады. Көшіп-қонып жүрмейсің ең бастысы.
Жауап беру
Ф
Фариза 14.06.2020
Казыр пайызы 13,75 баспана хиттын
Жауап беру
А
Анар 14.06.2020
Досрочно жапса,пайыздар алына ма?
Жауап беру
Ш
Шалкар 13.06.2020
Жаксы калькулятор екен )
Жауап беру
И
Индира 13.06.2020
Коп балалы анасын
Жауап беру
А
Айзада 13.06.2020
Сәлеметсіз бе Дәулет мырза Алла разы болсын! Өте керемет мен енді буйырса пропискаға отырасын пака баспанам жоқ не ПОЛЬНЫЙ СЕМЬЯ жинап жатқан ақшам да жоқ, ипотекалық баспана алу алам ба? Немесе Жилстрой банк Ақша жинау керек па? Енді бастап жинаймын деп отырмын буйырса очередь тіркелсе жылдам берілеме баспана өтінем сурағыма жауап берініші Өтініш 8 707 818 24 57
Жауап беру
М
Молдир 13.06.2020
Рахмет сизге
Жауап беру
А
Айжарқын 13.06.2020
Рақмет Даулет Алла разы болсын! Көп нәрсені біліп қалдық сенің арқаңда
Жауап беру
Ж
Жаннур 13.06.2020
Ешкандай очередке турмай ак кутпей ак доход корсетип алуга боладыма?жане кв емес жер уй алуга болама?отиниш жауап болса
Жауап беру
Б
Балкүміс 13.06.2020
Мен де осы программамен алсам деп жүрмін
Жауап беру
А
Акнур 13.06.2020
Я получила в 2019 когда процентная ставка была 10,75. Была очень рада что одобрили . Снимали квартиру 9 лет. Лучше платить за свою чем отдавать на съемную кВ:
Жауап беру
Ж
Жадыра 13.06.2020
Мен алдым,бергенине куандым деним сау болса 15жыл созып журмеспин деп!Баленбай жыл,кыргын акша квга толеп кошип-конганнан жаксыго деп озимди жубатып коям)
Жауап беру
Г
Гаухар 13.06.2020
%сумдык екен
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл