Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
«Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқу не береді?
Бизнесті қолдау

«Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқу не береді?

26.07.2023
3 мин
2
1214
фото: depositphotos.com

«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жеке әлеуметтік санаттарға жататын жас кәсіпкерлерге өз бизнесін жүргізу үшін бастапқы білім мен дағдыларды алуға мүмкіндік береді. Толығырақ Dauletten.kz сайтынан оқи аласыздар.

Оқытуға қатысу үшін негізгі шарттар қандай?

  1. Жұмыспен қамтудың мынадай санаттарының біріне жату:
  • Тіркелген жұмыссыздар
  • Ісін жаңадан бастаған және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер
  • Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен жеке қосалқы шаруашылықта жұмыс істейтін адамдар
  • Қысқартылатын қызметкерлер
  • Отбасылық кәсіпорындағы ақы төленбейтін қызметкерлер
  • Табыстары ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен өндірістік кооператив мүшелері
  • Бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер
  1. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы қолданыстағы сертификаттың болмауы
  2. Мәртебесін тексеру сәтінде ерікті түрде қоныс аударуға қатысушылардан басқа (оңтүстіктен солтүстікке қарай) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушы болып табылмау
  3. Соңғы 12 ай ішінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын өз бетінше тоқтату фактілерінің болмауы тиіс

«Бастау Бизнес» арқылы не ала аласыз?

  • «Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқу. Кәсіпкерлік негіздерін үйрене және қаржы институтынан қаражат ала отырып, қатысушылар бизнес-жоспар дайындау, бизнес-жобаны қорғауда және қолдауда көмекке ала алады.
  • Өз кәсібін ашу үшін қайтарылмайтын гранттар беру. «Бастау Бизнес» оқуын сәтті аяқтағаннан кейін жобаға қатысушы аяқталғаны туралы сертификат алады және өзінің бизнес-жобасын іске асыру үшін 400 АЕК-ке дейінгі мөлшерде грант алуға үміткер бола алады.

«Бастау Бизнес» жобасы шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқыту» қалай жүреді?

1. Онлайн оқыту курсының ұзақтығы оқу курсы басталған сәттен бастап күнтізбелік 14 (он төрт) күн.

2. Онлайн оқыту курсы өтеусіз негізде ұсынылады.

3. Онлайн оқыту оқу материалдарын өз бетінше игеру жолымен жеке тәртіппен өткізіледі.

4. Онлайн оқытудың әрбір модулін аяқтау қорытындысы бойынша қатысушының алған білімі мен дағдыларын меңгеруін анықтау үшін аралық тестілеу өткізіледі.

5. Келесі модульді оқуға көшу үшін аралық тестілеудегі сұрақтардың жалпы санының кемінде 70 (жетпіс) пайызына дұрыс жауап беру қажет.

6. Онлайн оқыту курсын өту кезеңінде аралық тестілеуді тапсыру әрекеттерінің саны шектелмеген.

7.Курс қорытындысы бойынша қорытынды тестілеу өткізіледі.

8.Сұрақтардың жалпы санының 70 (жетпіс) пайызынан көп дұрыс жауап алған адамға платформада бірегей нөмір беріле отырып, оқуды аяқтағаны туралы электрондық сертификат беріледі. Сертификат жеке кабинетте көрсетіледі.

9.Оқуды аяқтау туралы сертификат оны алған күннен бастап үш жыл бойы жарамды.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
2 Пікір
Т
Тохтархан 27.07.2023
Ия жақсы жоба. Дегенмен нәтижере жету мүмкіндіні төмен. Менің балам үшінші топ мүгедегі оқыды сертификат алды. Бірақ грант ұта алмады
Жауап беру
к
кесикбаева Мадина 26.07.2023
бастау бизнес жобасы қайда тиркелип орын алуымыз керек
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл