Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Белгілі блогер 1000-ға жуық зағип жанның емделуіне ақша бөлді
Жаңалықтар

Белгілі блогер 1000-ға жуық зағип жанның емделуіне ақша бөлді

31.01.2023
1 мин
0
1410

Әлемге танымал америкалық YouTube блогері MrBeast 1 мың көзі нашар көретін зағип жандардың операцияларына өз қалтасынан ақы төлеген, деп хабарлайды Dauletten.kz cайты CNN арнасына сілтеме жасап.

Өткен сенбі күні жарияланған видеосында MrBeast (Джимми Дональдсон) қандай да бір себептермен көзіне ота жасай алмай жүрген көзі нашар көретін 1 мың адамның операция жасауына көмектескенін айтты.

Ота тек АҚШ азаматтарына ғана емес, сонымен қатар Мексика, Бразилия, Ямайка, Гондурас, Вьетнам, Индонезия және басқа елдердің тұрғындарына жасалған. Бейнежазбада пациенттердің отаға дейінгі жағдайы мен ота жүргізілген соң көру қабілетінің жақсаруы, олардың эмоциялары көрсетілген.

Блогер MrBeast тек көз жанарын ауыстыру оталарын төлеумен шектеліп қалмады. Ол олардың біріне колледжде оқу ақысын төлеуге жәрдемдессе, енді біріне көлік те сыйлаған.

Офтальмолог және хирург Джефф Левенсон MrBeast командасын SEE International ұйымымен байланыстырды. Ол блоггерге бүкіл әлем бойынша зағип науқастарды табуға және ота ақысын төлеуге көмектесті. Шамамен үш аптаның ішінде барлығы 1000 операция жасалған.

Фото: pikabu.ru

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл