Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Берденов Мәжілістен кетіп, жауапты қызметке тағайындалады - БАҚ
Жаңалықтар

Берденов Мәжілістен кетіп, жауапты қызметке тағайындалады - БАҚ

23.02.2025
мин
0
784
Сурет: ашық дерек көзінен

Берденов Мәжілістен кетіп, жауапты қызметке тағайындалады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Ulysmedia.kz дереккөздеріне сүйенсек, Мәжіліс депутаты Руслан Берденов Парламенттен кетіп, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалуы мүмкін. Оның кандидатурасын Президент әкімшілігі мақұлдады.

Руслан Берденов – Шымкент қаласының тумасы. Білімі жоғары, 2006 жылы менеджмент мамандығы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. 2009 жылы КИМЭП Университетін Іскерлік басқару магистрі (MBA) дәрежесімен бітірді. 4 тілде еркін сөйлейді: қазақ, ағылшын, орыс, түрік, әзірбайжан. 

Еңбек жолын 2005 жылы “Алматы құс” ААҚ (“Сеймар” тобы) компаниясында бөлшек сауда директоры қызметінен бастады. 2007 жылдың ақпанынан 2010 жылдың шілдесіне дейін Procter & Gamble компаниясында бас логистикалық үйлестіруші болып жұмыс істеді.

2010 жылдың шілдесінен 2012 жылдың қарашасына дейін “Eastcomtrans” ЖШС жылжымалы құрамды жалдау бөлімінің бастығы қызметін атқарды. 2012 жылдың қарашасынан 2018 жылдың мамырына дейін “Ақ ниет” ЖШС Бас директоры болды. Кейін, 2018 жылдың қарашасынан 2019 жылдың сәуіріне дейін осы компанияның Байқау кеңесінің мүшесі болды. 2019 жылдың сәуірінен 2023 жылдың наурызына дейін Aq Niet Group Байқау кеңесі төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

2023 жылдың 29 наурызынан бастап “Respublica” партиясының партиялық тізімі бойынша VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл