Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақ тілінде оқытатын бірінші сыныптарда әліппе/ана тілі, ал орыс тілі 2-сыныптан бастап оқытылады, деп хабарлайды Dauletten.kl Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2023-2024 оқу жылында тілдер оқу бағдарламасына кезең-кезеңімен енеді.
«Қазақ тілінде оқытатын бірінші сыныптарда әліппе/ана тілі, ал орыс тілі 2-сыныптан бастап оқытылады. Орысша оқитын 1-сынып оқушылары қазақ тілі және букварь пәндерін оқиды. Шет тілі 3-сыныптан бастап оқытылады», – делінген хабарламада.
Тілдерді оқытуды кезең-кезеңімен енгізу тәсілі өткен оқу жылынан бастап іске асырылып жатыр.
«Бұл тәсіл білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік беретіні маңызды», – деді Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА президенті Мадина Тыныбаева.