Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 106,7 мың отбасындағы 559,8 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалғанын айтты, деп хабарлайды Dauletten.kz.
АӘК отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен азаматтарға тағайындалады.
Биыл осы мақсаттарға бюджеттен 65,4 млрд теңге бөлінді. 1 қаңтардан бастап кепілдендірілген әлеуметтік топтама көмектің табиғи нысанынан, монетизациялау форматына қосымша төлем түріне 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда 1,5 АЕК мөлшеріне (2023 жыл – 5175 теңге) ауыстырылды.
«Биылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда – 172,9 мың балаларға қосымша төлем тағайындалды»,- делінген хабарламада.
Айта кетейік, бүгінде қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша мансап орталығында, ауыл округінің әкіміне сондай-ақ egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы бере алады.