Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Маңғыстау облысында биыл қаржыландырудың барлық көздері есебінен 1 071 мың шаршы метр немесе 9500 тұрғын үй салу міндеті тұр. Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің телеграм каналы хабарлады.
Биыл І тоқсанда салаға 22,4 млрд. теңге инвестиция бағытталған. Бұл - өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3% көп қаражат. Осы кезеңде жалпы ауданы 349,4 мың шаршы метр болатын 2422 тұрғын үй пайдалануға берілді. Оның ішінде – 1594 жеке үй.
Жалпы биыл «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Маңғыстау облысында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым және тұрғын үй құрылысына 15,1 млрд. теңгеге 19 жоба іске асырылып, 973 адам жұмыспен қамтылады.