Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Бүгін – Халықаралық азаматтық авиация күні. Бұл кәсіби мереке 1994 жылы 7 желтоқсанда Халықаралық азаматтық авиация ұйымының 50 жылдық мерейтойына орай белгіленген, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Сол уақыттан бері әлемнің көптеген елдерінде жыл сайын атап өтілуде. Қазіргі уақытта бұл салада 20 мыңнан астам қазақстандық еңбек етуде. Олардың жоғары кәсібилігі мен тынымсыз еңбегінің нәтижесінде биылғы жылы 12 миллионнан астам адам өз бағыттарына қауіпсіз жетті. Жалпы алғанда, 51 ішкі және 118 халықаралық бағыт бойынша рейстер орындалды.
- Салада жыл сайын 500-600 маман жетіспейді. Біздің азаматтық авиация академиямыз бар, осы оқу орнын 12 мыңнан астам студент тәмамдаған. Бұл жұмыс үлкен жауапкершілікті талап етеді, сондықтан мұнда тек осы мамандыққа қызығушылық танытқан адамдар ғана жұмыс істейтіні анық, - деді ҚР КМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева.