Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
“НеМолчи” қорының жетекшісі Дина Таңсәрі Черногория билігінен босқын мәртебесін беруін сұрады, - деп хабарлайды Dauletten.kz. Бұл ақпаратты Қазақстанның Бас прокуратурасы растады.
— 15 сәуірде Черногория соты Смаиловаға қатысты қамауда ұстау шарасын тоқтатып, оны бостандыққа шығарды. Мұндай шешім оның босқын мәртебесін сұраған өтініші әлі қаралып жатқанына байланысты қабылданған. Айта кетсек, Қазақстан мен Черногория арасында экстрадиция туралы келісім жоқ. Сондықтан Смаилованы елге қайтару мәселесі Черногория заңнамасына сәйкес жергілікті органдардың құзыретінде болады, — делінген ресми хабарламада.
Дина Таңсәрінің ұсталу оқиғасы
14 сәуір күні Черногорияда қазақстандық құқық қорғаушы, "NeMolchi.kz" қорының негізін қалаушы Дина Таңсәрі ұсталып, Подгорицадағы уақытша ұстау изоляторына жеткізілген болатын. Белсенді бұл оқиға экстрадицияға қатысты болуы мүмкін екенін айтқанымен, нақты себебі туралы оған ақпарат берілмегенін мәлімдеді.
Сондай-ақ, оның жұбайы Алмат Мұхамеджанов Динаның қалай ұсталғанын баяндады.
15 сәуірде Дина Таңсәрі бостандыққа шықты. Алдын ала деректерге қарағанда, Черногория соты оны Қазақстанға экстрадициялауға қарсы шешім шығарған.