Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Диқандарды сумен қамту үшін 11 млрд текше метрден астам су алынды
Жаңалықтар

Диқандарды сумен қамту үшін 11 млрд текше метрден астам су алынды

07.10.2025
мин
0
107
Сурет: әлеуметтік желіден алынды

Қазақстанда суару маусымы аяқталды Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов вегетация кезеңінің қорытындысы бойынша аппарат кеңесін өткізді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

2025 жылғы суару маусымында ел бойынша жалпы 11,01 млрд текше метр су алынды, оның 98%-ы оңтүстік өңірлерге тиесілі. Алматы облысында 136 мың гектар жер суарылып, шаруалардың қажетіне 1,6 млрд текше метр су алынды. Жетісу облысында 140 мың гектар егістік алқаптары суарылып, су алу көлемі 1,2 млрд текше метр болды.

Жамбыл облысында шамамен 79 мың гектар жер суарылды, ал шаруаларға Тасөткел су қоймасынан, Шу және Талас өзендерінен барлығы 1 млрд текше метр шамасында су алынды. Қызылорда облысында вегетация кезеңі қорытындысы бойынша 3,5 млрд текше метр су пайдаланылып, 125 мың гектар егістік жер суарылды.

Түркістан облысында шамамен 400 мың гектар жерге су беріліп, жалпы көлемі 3,4 млрд текше метр су алынды. ????«Оңтүстік өңірлерде биылғы вегетация кезеңі күрделі климаттық жағдайда өтті. Соған қарамастан, министрлік, жергілікті атқарушы органдар және шаруалардың үйлесімді жұмысының нәтижесінде суару маусымы тұрақты өтті.

- Біз оңтүстік өңірлерде судың әділ бөлінуін қамтамасыз ету үшін төрт жұмыс тобын құрдық. Сонымен қатар каналдар арқылы суды кезекпен беру кестелері бекітілді, сорғы қондырғылары мен тік дренаж жүйелері іске қосылды, су шаруашылығындағы жағдай тұрақты бақылауда болды. Коллекторлық-дренаждық су да қайта пайдаланылды», – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл