Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы тағы төмендеді, деп хабарлады Қазақстан қор биржасы.
Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 6,72 теңгеге төмендеп, 462,01 теңгеге тең болды. Айта кетейік, доллардың 11 қарашадағы ресми бағамы - 469,42 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы – 464,29 теңге, сату – 468,71 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 463,45 теңгеден сатып алынып, 466,29 теңгеден сатылып жатыр.