Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматы мен Астанадағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 447-452 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 448-452 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Алматыда доллар бағамы 447,5-450,5 теңге аралығында құбылып тұр.
26 маусым кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2, 86 теңгеге қымбаттап, 450,08 теңге болған.
Ұлттық банктің 27 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 450,06 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,32 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,23-5,45 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Астанада көрші ел валютасы 5,2-5,34 теңгеден сатылуда.