Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Шілденің алғашқы жексенбісінде ұлттық домбыра күнін атап өту 2018 жылы 12 маусым күні Ақордада бекітілген болатын, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Домбыра тарихи замандарында халқымыздың мұң-мұқтажын жырлап, жаугершілік кезеңде рухты көтерген. Ғасырлар бойы қасиетті тұмардай, көзінің қарасындай сақталып, бүгінгі күнге жеткен домбыра аспабы, музыкалық мәдениеті, күйлердің түп-тамыры, ежелгі салт-санамен астасып, ұғым-түсінікпен ұштасып жатыр.
Халқымыздың мұңы мен зары, қуанышы мен күйініші, қайғысы мен қасіреті, аңсаған арманы, іздеген мұраты сол киелі домбыраның қос ішегінен күй болып төгіледі. Осы құдіретті жоғалтпай, бар нәрімен бүгінгі күнге жеткізген екі құдіретті күш бар. Бірі – киесі асып-тасыған аспап – домбыра, екіншісі – сол домбыраны сөйлетіп қана қоймай, уақыт шежіресін күй ғып жазған, сол арқылы халқына рухани қуат берген күйші композиторларымыз.
Домбыраның шығу тарихы жөнінде сәл сөз қозғасақ, төртінші ғасырда Арал теңізінің батысында Хорезмнің қасында «Қой қырылған» және Жамбыл өңіріндегі археологиялық қазбалардан тасқа қашалған екі ішекті аспаптың суреті табылған екен. Ғалымдар соған қарап «домбыра тас дәуірлерде пайда болуы мүмкін» деп болжайды. Әл-Фарабидің еңбектерінде «қос ішек адамның денсаулығын жақсартып, өмірін ұзартады, күш-қуатын арттырып, батылдыққа баулиды» деп жазылған.
Домбыраның құндылығы мен қазақпен егіз ұғым екенін айтып кеткен Қадір Мырза-Әлидің «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ - домбыра» деген ұлы сөзі әрбір қазақтың аузында жүр.
Домбыра туралы айтар сөз де, зерттейтін дүние де жетіп артылады. Бұл қастерлі аспап туралы Әбу Насыр әл-Фараби де, Ақселеу Сейдінбек те, Таласбек Әсемқұлов та зерттеген. Қазаққа дарыған асыл аспабымыздың - әлі талай ғасыр рухани азығымыз болатынына күмән келтірмейміз!