Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Соңғы айларда Дубай шоколады әлеуметтік желілер арқылы нағыз хитке айналды. Блогерлер мен танымал тұлғалар оны ең дәмді шоколад деп мақтап, оның дәмін асыра бағалап жүр. Алайда дәрігерлер бәрі жарыса сатып алып жатқан Дубай шоколады денсаулыққа зиян екенін ескертіп жатыр, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Негізгі қауіптерді айтпас бұрын, мақалаға арқау болған тәттінің құрамына тоқталсақ.
Дубай шоколадының құрамына мыналар кіреді:
1. Бельгиялық шоколад;
2. Фисташка пастасы;
3. Күнжіт пастасы;
4. Катаифи қамыры: Бұл жіңішке жіпшелер түріндегі қамыр Шығыс тағамдарында танымал, ол шоколадтың сыртқы қабығын құрайды.
5. Негізгі ингредиенттер: Су, тұз, ұн және тауық жұмыртқасы, олар қамырдың құрылымын және дәмін жақсартады.
Қарап тұрсаңыз, қарапайым ғана ингредиенттер. Алайда олар біріккенде адам денсаулығына едәуір зиян келтіреді.
1. Жоғары қант деңгейі: Дубай шоколадының құрамында қанттың мөлшері тым көп. Бұл диабет, семіздік және басқа да метаболикалық ауруларға шалдыққан адамдар үшін қауіпті. Тәтті заттарды шектен тыс тұтыну қандағы қант деңгейінің күрт көтерілуіне алып келуі мүмкін.
2. Калория: бұл шоколадтың калориясы да көп. Артық калория қабылдау салмақтың артуына және жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдығу қаупін арттырады.
3. Аллергиялық реакциялар: Дубай шоколадының құрамында жаңғақтар, сүт немесе басқа аллергендер болуы мүмкін. Аллергиясы бар адамдар үшін бұл өнімдер қауіпті болуы мүмкін.
4. Сапасыз ингредиенттер: арзан шоколадтарда сапасыз ингредиенттер мен жасанды қоспалар болуы ықтимал, олар денсаулыққа теріс әсер етеді. Сапасыз өнімдерді тұтыну түрлі асқазан-ішек ауруларына және токсиндер жинақталуына себеп болуы мүмкін.
Дәрігер-токсиколог Михаил Кутушовтың сөзінше, егер адам бұл шоколадтың дәмін көруге шешім қабылдаса, келесі маңызды жайттарды ескеруі керек. Алдымен десерттің құрамында аллергия тудыруы мүмкін ингредиенттертің бар-жоғын анықтаған абзал. Егер адамда шоколадтан соң өзін жайсыз сезінсе, тез арада дәрігерге қаралуы керек. Бұл жағдайдың себебін анықтап, бейжай қарамай, жатиісті медициналық көмек алу маңызды.
Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеңіз. Денсаулығыңыз - өз қолыңызда. Ақ халатты абзал жандардың кеңесі мен ескертулеріне құлақ асыңыздар!