464.53
543.73
6.15
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Елде ұйымдасқан топтың заңсыз алтын өндірісі әшкереленді
Жаңалықтар

Елде ұйымдасқан топтың заңсыз алтын өндірісі әшкереленді

04.05.2026
мин
0
188

Өткен жылдан бері республиканың бірқатар өңірінде алтын ұрлығына және заңсыз кен өндіруге қатысы бар 1400-ден астам адам жауапкершілікке тартылды, сонымен қатар заңсыз айналымнан 12 тоннадан астам алтын құрамды материал тәркіленді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Мысалы, биыл полиция Жамбыл облысындағы “Ақбақай” тау-кен байыту комбинаты аумағынан алтын құрамды кенді заңсыз өндіру, өңдеу және ұрлаумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады. Қылмыстық іс сотта қаралуда. Келіп түскен ақпаратты мониторингтеу барысында аталған кәсіпорын аумағына заңсыз кіру дерегі жедел түрде тоқтатылды.

Жедел әрекет нәтижесінде Жамбыл, Ұлытау және Қарағанды облыстарының тұрғындарынан құралған, алтын құрамды материалды ұрлау арнасын жолға қоюға әрекеттенген топ ұсталды. Қару-жарақ, ірі көлемдегі қаражат, байланыс құралдары және автокөліктер тәркіленді. Тергеу жүргізіліп, келтірілген залал анықталып жатыр. Кәсіпорынның күзет және қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері заңсыз әрекеттерге қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Аталған шаралар алтынның көлеңкелі айналымын азайтуға, заңсыз кен өндірудің жолын кесуге және елдің экономикалық қауіпсіздігін нығайтуға ықпал етті. Ішкі істер министрлігі заң мен тәртіпті барлық салада қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастырады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл