Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, елімізде 100 жасаған және одан да үлкен жастағы 423 азамат бар. Жасы ең үлкен кейуана Ұлытау облысында тұрады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Ұлтымыздың ұжданы - Ұлытау облысында тұратын ақ жаулықты әжеміз биыл 114 жасқа толды. Әдетте, ең көп өмір сүретіндер еліміздің оңтүстік өңірінде көбірек деуге болады. Мәселен, Түркістан облысында 100 және одан жоғары жастағы 64 қария. Ұзақ өмір сүрушілер саны бойынша еліміздегі екінші орында тұрған ең ірі қалалардың бірі – Алматы. Қазір Алматы қаласында 100 жастан асқан 48 адам тұрады.
Ұзақ өмір сүретіндер саны бойынша үшінші орында Алматы облысы тұр, онда 100 және одан жоғары жастағы 38 қария өмір сүріп жатыр. Ең қарт қазақстандықтардың үштігіне Ұлытау облысының (114 жас), Павлодар облысының (112 жас), Түркістан облысының (110 жас) тұрғындары кірді.
Жыл сайын бүкіл әлемде, оның ішінде Қазақстанда да 1 қазан - Халықаралық қарттар күні атап өтіледі. Бұл мерекені 1990 жылы 14 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 45-сессияда жариялады.
Бұл күнді ерекше атап өткізудің басты мақсаты – егде жастағы адамдардың мемлекет пен қоғам алдындағы еңбегін құрметтеу және тану, сондай-ақ олардың мәселелері мен қажеттіліктеріне, өмір сүру сапасын арттыру қажеттілігіне назар аудару, оларға жалпыға бірдей қамқорлық көрсету.