Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
 Елімізде 370 адам 200 млн теңгеге алданып қалған
Жаңалықтар

Елімізде 370 адам 200 млн теңгеге алданып қалған

05.06.2021
1 мин
0
1212

ШҚО-да "Денежный поток" атты қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар сотталды.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті айналымы 200 млн теңгеден асатын "Денежный поток" қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты.

Тергеу барысында 2019-2020 жылдары ШҚО-ның екі тұрғыны мессенджер арқылы Ресейдің ірі құрылыс компаниясының қызметі түрінде алаяқтық схеманы ұйымдастырғаны анықталды. Қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар екі ай ішінде жарна сомасының 25%-ы мөлшерінде апта сайын мол пайда табуға уәде берген. 

Уәдеге сенген салымшылар ресми шарт жасаспай, ақша аударымын ұйымдастырушылардың картасына жіберген. Қаржы пирамидасына 370-тен астам адам алданып, оның тек 43-і органдарға жүгінді. Кінәлі тұлғалар 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Айта кетейік, қаржы пирамидасы – салымшылар кірістерді жаңа қатысушылардың жарнасы есебінен ғана алатын, қылмыстық жаза көзделген (ҚР ҚК 217-бабы) инвестициялық схема.

Қаражатты алу тоқтағаннан кейін, төлем тоқтап, жүйеге қатысқандардың көбі қаражатсыз қалады.Табыс алуға кепілдік берілген жалғыз адам – қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл