Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Елімізде бір айда төменгі күнкөріс деңгейі 0,8% төмендеді
Жаңалықтар

Елімізде бір айда төменгі күнкөріс деңгейі 0,8% төмендеді

09.08.2020
1 мин
0
1014

Шілде айында ең төменгі күнкөріс деңгейі 33,7 мың теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,7% көп, деп хабарлады finprom.kz.

Дегенмен алдыңғы аймен салыстырғанда шілдеде ең төменгі күнкөріс деңгейі 0,8% төмендеген. Айта кетсек, шілде айында тауарлар мен қызметтердің бағасы бір жыл ішінде 7,1% және бір айда 0,3% өсті.

Ең төменгі күнкөріс деңгейінің құрылымында азық-түлік тауарларының бағасы 18,5 мың теңгені, азық-түлік емес тауарлар мен қызметтер 15,2 мың теңгені құрады.

«Өңірлер бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейі Маңғыстау облысында жоғары – 39,8 мың теңге. Нұр-Сұлтанда ең төменгі күнкөріс деңгейі 39,3 мың теңгені құрайды. Алматыда күнкөріс минимумының мөлшері 36,5 мың теңгеге жетті. ТОП-5 өңірге Шығыс Қазақстан (34,3 мың теңге) және Алматы (33,6 мың теңге) облыстары кіреді», - делінген хабарламада.
 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл