Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Премьер-министр Асқар Мамин ең төменгі жалақыны көтеруге қатысты Үкімет жоспарымен бөлісті. Бұл туралы премьер-министр Мәжіліс депутаттарының сауалына жауап беру барысында айтты.
«ҚР Үкіметі халықтың әл-ауқатын жақсарту және табыстарының артуын қамтамасыз ету жұмыстарын тұрақты негізде жүргізеді. Халықтың шынайы табысының деңгейін одан ары арттыру мақсатында ең төменгі жалақыны көтерудің бірнеше нұсқасы қарастырылып жатыр. Біріншісі – ең төменгі жалақыны инфляция деңгейінде көтеру. Екіншісі – ең төменгі жалақыны орташа айлық жалақының 30% мөлшерінде бекіту. Үшіншісі – ең төменгі жалақыны медициналық жалақымен байланыстыру мүмкіндігі», — деді Асқар Мамин.
Оның айтуынша, аталған нұсқалар республикалық бюджеттен қосымша шығыстарды қажет етеді.
«Дегенмен, биыл Үкімет, республикалық жұмысшылар бірлестіктері және республикалық жұмыс берушілер бірлестігі арасындағы 2021-2023 жылдарға арналған жаңа бас келісімді жүзеге асыру басталады. Оны жүзеге асыру аясында ең төменгі жалақыны бекіту әдістемесі әзірленетін болады. Ең төменгі күнкөріс шегін анықтау тәртібі ҚР-ның «Ең төменгі әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдері туралы» Заңмен және ең төменгі күнкөріс шегін есептеу ережесімен регламенттеледі», — деді үкімет басшысы.
Премьер-министрдің сөзінше, жалпы республика, облыстар, астана, республикалық маңызы бар қалалар және облыстық мәні бар қалалар бойынша ең төменгі күнкөріс шегі орташа есеппен жан басына шаққанда және негізгі жас ерекшеліктері бойынша статистика органдарымен есептелінеді.
Тағы көру