Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Елімізде кәсіпкерлерге арналған мобильді қосымша шығады
Жаңалықтар

Елімізде кәсіпкерлерге арналған мобильді қосымша шығады

04.06.2021
1 мин
0
1335

Қазақстанда кәсіпкерлерге арналған мобильді қосымша пайда болады.

Үкіметте кәсіпкерлік қызметті жеңілдетуге, соның ішінде жеке кәсіп ашуға және жабуға, салықтарды есептеу мен төлеуге, салық есептілігін толтыруға арналған электронды е-Salyq-Business мобильді қосымшасының таныстырылымы өтті.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңес "e-Salyq-Business мобильді қосымшасын енгізу" тақырыбына арналды.

Мобильді қосымша сізге онлайн режимінде жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге, салық режимін таңдауға немесе өзгертуге, чек беруге, салық есептілігін қалыптастыруға/жіберуге, салық төлеуге, хабарлама/анықтама алуға, төлемдерді басқаруға және мемлекеттік кірістер органдарынан белгілі бір қызметтерді алуға мүмкіндік береді. 

Әзірлеушілер салықтар мен әлеуметтік төлемдерді есептеуді, салық есептілігін толтыру мен ұсынуды, кірістер мен салықтардың есебін жүргізуді автоматтандырды.

"Е-Salyq-Business"-ты пилоттық түрде іске қосу ағымдағы жылдың шілде айына жоспарланған. Бірінші кезеңде қолданушылар саны шамамен 100 мың адамды құрайды деп күтілуде.

Ә.Смайылов адамдардың кәсіпкерлікпен айналысуы үшін қолайлы жағдай жасаудың маңыздылығын, оның ішінде салық міндеттемелерін орындау мейілінше жеңілдету қажет екенін атап өтті. Премьер-министрдің бірінші орынбасары аталған бағыттағы жұмысты күшейтуді тапсырды.
 

 

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл